Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (10)

Реттік ноталар

Екі әріптен тұратын,
Оқылуы оп – оңай.
Үні биік шығатын,
«Си» ме, «ля» ма, нота қай?

Толық

До

Ноталардың басымын,
Оқшау тұрам бәрінен.
Алшы тұрған асығым,
Саз – әуеннің мәні – мен

Толық

Ре

Мені «күнім», «Айым» де
Жұртқа мәлім ұнарым.
Сап бойынша дәйім де,
Екінші боп тұрамын.

Толық

Ми

Еріп жолдас – жорама.
Жастай әуен, күй кештім.
Мисыз адам бола ма,
Ұмытпайды «ми–ді» ешкім.

Толық

Фа

Түсте, кеште, таңымда
Тұрсын деймін көкте Ай, Күн.
Екі жағым – қабырға,
Дәліздегі доптаймын.

Толық

Соль

Айтсаң дағы қыр әнін,
Созылмаймын өлшемсіз.
Домбыраның бұрауын,
Түсіріп көр, «соль»-сіз.

Толық

Ля

Сан жыр-күйге сән бердім,
Бойымда күш, тола ағын.
Көбінесе әндердің,
Қайырмасы боламын.

Толық

Си

Есімім «си» қарашы,
Сызық бойы тұрағым.
«До» мен «до»-ның арасын,
Толықтырып тұрамын.

Толық

Ұйқасын тап

Жердің қалың тоңы,
Шақырып кел ...
(«до»-ны).
Қосылсын бұл күйге,

Толық

Ноталарды табамыз

Сидоров пен Симонов,
Әуелден де зерек-ті.
Нән зереңмен су құйып,
Аялапты теректі.

Толық

Пікірлер